Ұлттар достастығы

«Ұлттар достастығы»

Үй тапсырмасы

         2021-2022 оқу жылындағы жоспарға сәйкес «Жасқанат» аралас орта тобының бүлшіндері арасында тәрбиеші Баймаханова Жанат апайдың ұйымдастыруымен «Ұлттар достастығы» үй тапсырмасы сурет байқауы болып өтті.

Мақсатқа келетін болсақ, «Ұлттар достастығы» байқауының мақсаты  балалардың  ұлтына, яки дініне қарамай адамдарды жақын тұтуға, оларды сыйлауға, патриот бола отырып, өз елінде мектен етіп жатқан басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мұндағы талап балалар үйде ата-аналарымен ойласа, ақылдаса отырып, солардың көмегімен «Ұлттар достастығы» тақырыбында суреттер салып келеді. Байқау барысында өз суреттерін қорғап, қалай, кіммен және ішкі ойы қандай деген сұрақтарға жауап береді.

Ұстаздардың көмегімен ойларын толықтай айта отырып, бір бірлерінің суреттері жайында да өз көзқарастарымен бөліседі. Ұлттар достастығының мәнін түсініп, барша халық, адамзат бірлікте, сыйластықта өмір сүрсе әлем гүлденеді деген тұжырымға келеді және осылайша мақсат орындалады.

Барлық баланың суреттері ұзтаздар тарапынан жақсы деп бағаланып, қошемет көрсетіледі.