«Табиғат – тіршілік көзі»
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2021-2022 оқу жылы жоспарына сәйкес «Бәйтерек» ересек тобының бүлдіршіндері арасында тәрбиеші Турабаева Салтанат апайдың ұйымдастыруымен «Табиғат – тіршілік көзі» атты іс-шара болып өтті.
Мақсат: тәрбиеленушілерді туған өлкесін қорғауға тәрбиелеу. Оларды туған жерін суюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу. Тәрбиеленуші бүлдіршіндердің қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
Әсем табиғатты бейнелейтін суреттер мен табиғатты аялауға баулыйтын буклеттер, түрлі қолдан жасалған табиғат көріністері көрме түрінде ұйымдастырылды. Балалар көрмені тәрбиешілермен бірге аралап тамашалап, өз ой пікірлерін айта жүрді. Тәрбиеші бүлдіршіндерге табиғатты аялау керектігін, біз сол табиғат арқылы өмір сүріп жатқанымызды, табиғат біздің анамыз екенін түсіндіре жүрді. Балаларға табиғат жайлы, оларды қорғау жайлы толық мәлімет берілгеннен кейін балалар ермексазбен табиғат көріністерін өз қиялдарына ерік бере отырып бейнелеп шықты. Жасаған қол өнерлерін көрмеге қойып, тамашалады. Барлық баланың жұмысы жақсы деп бағаланып, қошемет көрсетілді.



