Менің отбасым

Менің отбасым» сурет көрмесі

(тәрбиеленушілермен)

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес «Аққу» кіші тобының бүлдіршіндері арасында тәрбиеші Жанкабилова Назира апайдың ұйымдастыруымен «Менің отбасым» атты сурет көрмесі болып өтті.

Мұндағы мақсат балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуді үйрету. Суреттер арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Балаларға тақырыпқа сәйкес суреттер көрсетіліп, отбасы, ата-ана, бауырлар туралы мағлұматтар беріледі. Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп, тәрбиеші апайлардың көмегімен «Менің отбасым» тақырыбында сурет салды. Салған суреттерінен көрме ұйымдастырылып, тамашаланды. Барлық баланың суреті жақсы деп бағаланып, қошемет көрсетілді.