Әлем менің көзіммен

«Әлем менің көзіммен»

сурет салу және әңгімелесу

2021-2022 оқу жылындағы жоспарға сәйкес бөбекжайда «Әлем менің көзіммен» атты сурет салу және әңгімелесу кеші ұйымдастырылды. «Балайым» бөбекжай балабақшасында 10 жылдан бері тәрбиешілік қызмет атқарып келе жатқан ұзтаз Батанова Гүлнар апай осы кешке шақырылды. Апайымыздың қаншама жылдық практикалық және теориялық еңбегі балалардың сурет салудағы ойларын, қиялдарын сұрыптауға өзіндік баға беруге, бала психологиясына терең үңілуге көмектесті.

Балалар өз әлемдерін парақ беттеріне салып, оны бейнелегеннен кейін сол суреттер жөнінде әңгіме дүкен құрды. Балалар өз суреттеріндегі айтқысы келіп тұрған ойды түсіндірді. Ал, Гүлнар апай сол ойды жетелей отырып, балаларға мақтау мадақтау сөздерін айтып, балалардың ізденімпаздықтарын, киялдарының ұшқырлығын және осы беттен таймай, ары қарайда дами беруге жетеледі.

Ұйымдастырылған сурет салу және әңгімелесу іс-шарасының да мақсаты балалар әлемді қалай көреді, қалай елестеді? Осыны білу және дұрыс бағыт бағдар беру болатын. Қаншама жылдық тәжірибесі бар ұстазбен осы аталған мақсатымызға жеттік.