Туған жер

«Менің туған жерім»

 

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене ерте жастан сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.

Біздің «Балайым» бөбекжай балабақшамызда жыл сайын «Туған жер» бағдарламасы бойынша балаларға туған жерін сүюге, құрметтеуге негізделген түрлі әс-шаралар өткізеді. Биылғы 2021-2022 оқу жылындағы іс шарамыз «Менің туған жерім» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастыру болды. Көрмеде балалардың өз киялдарымен салынған суреттерін балабақша әдіскері Акжитова Айгүл апаймен  тәрбиешілер балалармен бірге тамашалап, түсіндіру жұмыстарын әңгімелесу түрінде жүргізді. Балалардың қиялдарының ұшқырлығана дән риза болып, идеяларының, туған жерді өз көз қарастарында қалай елестететініне таңдана қарады. Әр баланың өзінше ұшқыр қиялы суреттерінің ерекше болуына әсер етті.

Балалар түрлі-түсті бояуларды қолдана отырып, табиғатымызды әсем суреттеген және өздерін, яғни балалардың суреттерін енгізген, бұның өзі әсем табиғатта біз тіршілік етудеміз және біз оны аялаймыз деп тұрғандай. «Туған жер» бағдарламасының басты мақсаты да осы және ол орындалды деген сенімдеміз. Мақсат – туған жерді құрметтеу, аялау және оны қорғау.